Министрліктің барлық ерлер ұжымы атынан Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл керемет көктем мерекесі жылулық, махаббат және шексіз әдемілікті білдіреді. Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз, отбасына деген қамқорлықтарыңыз, қызметке деген адалдықтарыңыз ерекше құрметке лайық.Еліміздің тарихына баға жетпес үлес қосқан, ғылымда, шығармашылықта, спортта және саясатта із қалдырған атақты әйелдердің тұлғаларына бай.
Біздің Министрлікте әртүрлі мамандықтағы әйелдер қызмет атқарады, олардың қызметі өте қажетті және маңызды. Олар күнделікті жасайтын жұмысты, күшті және тәжірибелі ердің қолынан келе бермейді.
Ерекше атап өтетін жайт, Министрлік тарихында алғаш рет 8 наурыз қарсаңында азаматтық қорғау органдарының 7 әйел қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың бірі Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің бастығы Анаргүл Аманжолқызы Әбуева. Ақордада Мемлекет басшысының қолынан Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Барлық қиындықтарға қарамастан, азаматтық қорғау жүйесінде қызмет атқаратын, өмірді құтқаратын, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және әріптестері мен жақындары үшін сенімді тірек болып қалатын әйелдерге алғысымды білдіремін.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар жүйесінің ардагер ханымдарына алғысымды білдіремін. Азаматтық қорғау органдарында ұзақ жылдар бойы атқарған мінсіз қызмет пен қажырлы еңбектеріңіз үшін рахмет.
Сіздерге денсаулық, бақыт және отбасыларыңызға амандық тілеймін!
ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/953614
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау