Ресейде өткен халықаралық фестивальде отандық «Шатырдағы екеу» фильмі жеңіске жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген «Шатырдағы екеу» фильмі Ханты-Мансийскіде өткен XXIII Халықаралық дебюттік кинофильмдер фестивалінде «Душа России. Мировое кино» номинациясы бойынша жеңіске жетті.
«Дух огня» – дебюттік фильмдерге арналған Ресейдің жетекші фестивальдерінің бірі. Фестиваль – жас режиссерлер үшін маңызды алаң. Биыл фестивальде 14 елдің жаңа фильмдері көрсетілді. Олардың қатарында Малайзия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд, Иран, Үндістан, Сингапур және басқа да елдер бар.
«Шатырдағы екеу» фильмі – режиссер Гүлшат Смағұлованың дебюттік фильмі. Онда адамның өз орнын табуы, махаббат пен мейірім секілді маңызды тақырыптар қозғалады. Туынды кездейсоқ кездесулер адам тағдырына қалай әсер ететінін баяндайды.
«Росконгресс» Қорының жүлдесі фильмде мәдени, тарихи құндылықтар көрсетіліп, олардың мәні толық ашылғаны үшін табысталып отыр.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/954611


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version