Семейде Бесқарағай ауданының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семейдегі “Северный” сауда-логистикалық орталығында апта сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бесқарағай ауданының шаруалары өз өнімдерін қала тұрғындарына қолжетімді бағамен ұсынды.
Жәрмеңкеде 2,5 тонна ет пен 600 келіге жуық көкөніс саудаға шығарылды. Ауданның 10 ауылдық округінен жеткізілген жылқы, сиыр және қой еті, Глуховка ауылының картоп, сәбіз, қызылшасы, Канонерка ауылының бал мен саңырауқұлақ өнімдеріне сұраныс жоғары болды. Сүт, қаймақ, шұжық өнімдері де сөреге қойылды.
Жәрмеңкеге Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қатысып, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту мен бағаны тұрақтандыру шараларының маңызын атап өтті.
Жәрмеңке барысында 8 наурыз мерекесіне орай сауда орталығындағы әйелдерге гүл шоғы тарту етіліп, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерді әуелетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/953656


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version