ШЫМКЕНТ: АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласындағы «№ 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ғимаратына 2024 жылдың маусым айында күрделі жөндеу жұмыстары басталған еді. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 70 пайызы аяқталды.

140 орынға арналған нысан 2 қабатты 4 блоктан тұрады. Ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін арнайы жабдықталған кабинеттер саны артып, 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға көрсетілетін қызмет сапасы артады. Нысанның жөндеу жұмыстарын биыл толық аяқтау жоспарда.

Айта кетсек, шаһарда денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоспар бойынша 2025 жылы бірқатар денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараты күрделі жөндеуден өтеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/952568


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version