ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы аудандық сенбілік өтті.
«ТАЗА БАСТАУ» кезеңіне арналған сенбілікке 1 қала, 12, ауылдық округ тұрғындары, еріктілер, жастар, мекеме қызметкерлері, барлығы 104 мекеме, 12 275 адам атсалысты.
Тазалық шарасы барысында қатысушылар бекітілген аймақты жолдар бойын, арық атыздарды қардан тазалап, қураған ағаштарды қырқу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 135 шақырым құрайтын облыстық, аудандық жолдар, 27,8 шақырым ирригациялық арықтар, 14,3 шақырым каналдар тазаланды. Сондай-ақ 205 қураған ағаштар бұталып, 14 саябақ, аллея аумақтары, 13 спорттық, балалар ойын алаңшаларында тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасында 31,2 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, 18,2 тонна күл-қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Жалпы тазалыққа 21 техника жұмылдырылды.
«ТazaQazBot» бағдарламасына тазалық шаралары бойынша жыл басынан бері 129 өтініш түсіп, толық жауап берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/949381


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version