Туризм және спорт саласының майталмандары «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ұжымдағы қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ербол Мырзабосынов құттықтау сөзінде министрліктегі арулар спорт, туризм, ойын бизнесі және лотореяны реттеу салаларын дамытуға зор үлес қосып, мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ іс-шара барысында Туризм және спорт министрі отандық туризм және спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан сала майталмандарына Президент атынан «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.

Мемлекет басшысының жарлығымен марапатталғандар:

• Әлия Майданқызы Түсіпбекова, Khan-Turan Travel ЖШС өкіл-кеңесшісі;
• Мунирам Қасымқызы Ахметова, «Қазақстан Республикасы пара би федерациясы» қоғамдық заңды тұлғалар ассоциациясының Президенті;
• Кенжеш Садыққызы Сәрсекенова, конькимен жүгіру спортынан мемлекеттік жаттықтырушы;
• Еркежан Саятқызы Тұрсынқанбетова, Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры корпоративтік қоры бас директорының орынбасары;
• Гүлғайша Қайыртайқызы Қасенханова, туризм саласының ардагері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/953516


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version