“Наурызама” онкүндігі “Көрісу күні – Амал мерекесінен” басталады, сөйтіп Наурыз мерекесі 14-23 наурыз аралығында он күн бойы кең көлемде тойланады.
Онкүндіктің әр күні халық мәдениетін, қоғамның татулығын паш ететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналады.
Мерекенің алғашқы күні таңсәріден тұрып, ағайын-туыс, дос-жаранға барып, амандасып, “Жасың құтты болсын!” деп құшақтасып көріскен. Ренжіскендер болса, бір-бірінен кешірім сұрайды. Сонымен қатар “Көрісу күні – Амал мерекесі” өскелең ұрпақтың бойында үлкендерге құрмет, ізгілік пен мейірімділік сияқты қасиеттерді сіңіруге жәрдемдесіп, өзара сыйластыққа үйретеді, береке мен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/956621

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау