Ақтау қаласында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Коммуналдық сала қызметкерлері келесідей жұмыстарды жүзеге асыруда:
– жол жиектерін қоқыстан тазалау;
– жол жиек тастарын әктеу және жуу;
– жол белгілерін қалпына келтіру және бояу;
– бағдаршам секцияларын тазалау және бояу;
– әлеуметтік маңызы бар аялдамаларды тазалау және жуу;
– жаяу жүргінші өтпелерін жаңарту;
– жол таңбаларын қайта жаңарту;
– шұңқырлы жөндеу жұмыстары.
Аталған жұмыстарға 240 жол жұмысшысы және 18 арнайы техника жұмылдырылды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/959715?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау