Астанада жасөспірімдер арасында таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласындағы Beeline Arena спорт сарайында таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл жарыста 2011-2013 жылдары туған 814 жас спортшы 20 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Олардың қатарында Астана қаласының 26 спортшысы да бақ сынауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған чемпионаттың қорытындысы бойынша Фуджейрада өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталып, жолдамалар үлестіріледі.
Айта кетерлігі, биыл ел біріншілігі алғаш рет салмақ дәрежелері бойынша өтуде. Бұған дейін спортшылар бой ұзындығына қарай сынға түсетін.
Қазақстан чемпионаты 14 наурызға дейін Beeline Arena спорт сарайында жалғасады. Көрермендер үшін кіру тегін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/956334


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version