Азаматтық қорғау академиясында XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының базасында «Азаматтық қорғауды дамытудың тарихи аспектілері, өзекті мәселелері мен перспективалары» атты XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасының жетекші оқу орындарының, Әзірбайжан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының бейінді оқу орындарының ғалымдары, докторанттары, адъюнкттері мен магистранттары қатысты.
Академия бастығы полковник Жумабек Хасенов конференция қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, 13 жыл бойы халықаралық конференция форматындағы жыл сайынғы кездесулер азаматтық қорғау саласындағы проблемалық мәселелер бойынша ғалымдар мен практиктердің дәстүрлі қарым-қатынас алаңына айналғанын атап өтті.
ТЖ алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесі үшін білікті кадрлар даярлау мәселелеріне талқылаудың маңызды орны берілді.
Конференция соңында оның практикалық маңыздылығы атап өтілді, жоғары оқу орындар аралық ғылыми зерттеулерді дамытудың және азаматтық қорғау саласында жоғары білікті мамандарды даярлаудың перспективалық жоспарлары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/957338


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version