Елордадағы сауда орталықтарында Амал мерекесі тойланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін еліміз «Көрісу күні – Амал мерекесін» атап өтті. Мерекеге орай Алматы ауданына қарасты Белсенді өмір сүру орталығының әжелері Көрісу күні сауда орталықтарының біріне жиналған қала тұрғындарымен қол алысып, төс қағысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлім басшысы Нұргүл Талғатқызы бұл мерекенің көктемнің келуін, жаңарудың және жақсылықтың белгісін білдіретіндігін атап өтіп, бұл дәстүр ғана емес, халық арасындағы сыйластық пен бірліктің белгісі екенін айтты.
«Әрине, сауда орындары сияқты көпшіліктің жиналатын жерлерінде мұндай шаралар ұйымдастыру, адамдарға өзара түсіністік пен құрметті арттыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы сауда орнына келушілердің көңіл-күйлері көтеріліп, қоғамдағы мейірімділік пен татулықтың тұғыры биіктей түседі. Біз «Әдемі» ардагерлер ансамблімен концерттік бағдарламаларды ұйымдастырып жатырмыз. Ал біз айтатын халық әндеріне сатушылар мен дүкенге келушілердің назары ауып, көрсеткен ықыластары ерекше болды», – дейді ұйымдастырушы Бақытжан Төлеубаева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/957362


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version