Қарқаралылық шаңғышы Швейцариядағы беделді халықаралық марафонға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарқаралы шаңғышысы Думан Бейсенаев – әлемдегі ең әдемі Engading Ski Marathon шаңғы марафонына қатысқан жалғыз қазақстандық. Негізгі жүгіруде ол 14 мың қатысушының 700-і болып, 2 сағат 2 минутта мәреге жетіп, өткен жылғы нәтижесін жақсартты.
Engading Ski Marathon – коньки стиліндегі ең бұқаралық шаңғы марафондарының бірі. Ол әлемдік беделді жарыстардың үштігіне кіреді. Оған 14 және одан жоғары жастағы 18 мыңға жуық адам қатысады. Марафон Швейцариядағы Энгадин (Engadin) алқабының құрметіне аталған.
Марафонның негізгі бағытының ұзындығы – 42 км. Марафон Энгадин алқабының жоғарғы нүктесі – Малойя қаласында бастау алады. Ал мәре – Шчанф қалашығының маңында. Думан Бейсенаев бұл қашықтықты 2 сағат 2 минутта жүріп өтіп, өткен жылғы Италиядағы жүгірумен салыстырғанда уақытын 8 минутқа жақсартты. Дегенмен, шаңғышының өзі атап өткендей, жүгіру кезінде жарақат алмағанда жақсырақ болар еді.
– Тік түсулердің бірінде трассаның 12-ші шақырымында үйінді пайда болды, мен оған түсіп, аяғымды зақымдап алдым. Қатты жарақаттанбаған едім, бірақ мен толық қуаттылығыма шыға алмадым, – дейді марафоншы.
Есесіне Engadin Night Race түнгі жарысында 17 км қашықтықта 2 мың қатысушының ішінен 21-ші болып, ең үздік нәтижесін көрсете алды.
– Бұл өте ерекше және экстремалды болды, – дейді марафонға қатысушы. – Жалпы, жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Халықаралық марафондарға қатысу ерекшеліктерінің бірі шаңғыны арнайы даярлау болып табылады.
– Шаңғыны дисквалификацияланбайтындай етіп дайындау керек. Көптеген елдерде құрамында фторы бар жағармайларға тыйым салынған, олар жылдамдыққа өте жақсы көмектеседі, бірақ экологияға теріс әсер етеді, жарыс алдында барлық шаңғышылар сынақтан өтеді, – дейді Думан. – Біздің елімізде ондай талаптар жоқ. Бірақ мен тестілеуден сәтті өттім.
Думан Бейсенаевтың есебінде барлығы 12 халықаралық марафон бар: ол 2018 жылы Финляндияда 50 шақырымға жүгіруге қатысты, 2019 жылы – Эстонияда классикалық стильде 63 шақырымға жүгірді, ал 2021 жылы Өзбекстанның Памир тауларында 21 шақырымға жүгіруде бірінші болды.
Оның үстіне ол түрлі жарыстарға белсенді қатысып қана қоймай, оны өзі де ұдайы ұйымдастырады. Қарқаралыда қыс соңында оның бастамасымен шаңғы жарысынан IV Ашық марафон өтті. Олимпиадалық резерв мектебінде шаңғы секциясы жұмыс істейді, онда Думан Бейсенаев балаларды жаттықтырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955727


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version