⚜️ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫС ОРНЫНА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай, Ордабасы ауданының мемлекеттік қызметшілері жұмыс орнына ұлттық киім киіп келді.
Аудан әкімі Азат Оралбаев облыс көлемінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатындағы бұл бастамаға қолдау білдірді. Қазіргі уақытта аудан әкімі аппараты мен бөлімдер, мекемелер сондай-ақ ауылдық округтер мен ауыл округ әкімдері және сала мамандары ұлттық киімдерді киіп, мемлекеттік қызметшілердің болмысын ерекшелеуде.
Қазақтың ұлттық киімі – бұл халықтың мәдениеті мен тарихы, оның дәстүрі мен өмір салты. Ол ұлттың жарқын бейнесі ретінде өткеннің мәдени-рухани мұрасын сақтауға көмектеседі.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/959950?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version