Қазіргі уақытта барлық күш пен құралдар су тасқынының алдын алу және салдарын жоюға бағытталуда. Ауылдық округтерде тәулік бойы жұмыс жүргізілуде:
✅ Су деңгейіне тұрақты мониторинг жасалуда
✅ Су өткізу арналары тазартылып, нығайтылуда
✅ Арнайы техника жұмылдырылды
✅ Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Барлық жауапты қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда! Өңіріміздегі жағдай туралы сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге сүйеніңіз.
📢 Бәріміз бірге әрекет етсек, кез келген қиындықты еңсереміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/960317?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау