14 наурыз – қазақ халқының ежелден келе жатқан Көрісу күні. Бұл күн қыстан аман шыққан елдің бір-бірімен қауышып, амандасып, ізгі тілектер айтып, реніштерін ұмытып, татулық пен ынтымақты дәріптейтін ерекше мереке. Осы атаулы күнге орай Тоғыз ауылдық округінде үлкен іс-шара өтті.
Ауылымыздағы іс-шара таңертеңнен басталды. Үлкендер мен жастар бір-біріне амандасып, көрісіп, ақжарма тілектерін білдірді. Ақсақалдар бата беріп, ақ жаулықты аналар ұлттық тағамдар әзірледі. Дастарқан жайылып, қонақтарға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Ауылымыздың келіндері үлкендерге сәлем салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-togyz/press/news/details/959826?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау