19 наурызда мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов қалалық мәслихаттың кезекті 24-сессиясын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 наурызда мәслихат төрағасы Қ.Балмағамбетов қалалық мәслихаттың кезекті 24-сессиясын өткізді. Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша депутаттар алдында қала әкімнің орынбасары А. Сыздыманов 2024-2025 жылғы жылыту маусымының өту барысы туралы есеп берді, тұрақты комиссия төрағасы Ш. Жанғаскинова талқыланып отырған мәселе бойынша депутаттар тобының анықтамасымен сөз сөйледі. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Сәтбаев қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  басшының міндетін атқарушы  А.Әлкенова Сәтбаев қаласының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс туралы ақпарат ұсынды. Сессияда сондай-ақ    депутаттар қалалық мәслихат төрағасының атқарған жұмысы туралы есебін және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылдың 25 желтоқсанындағы № 166 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылап, тиісті шешімдер қабылдады. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты. Сессия Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/961057?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version