2025 жылдың 14 наурызында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және аудандық мәслихаттың кезекті XXXI сессиясы өтті.
Отырыстарға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары Е.Т. Арыстанбеков, К.Х. Талипов, ауылдық округ әкімдері және ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Аудандық мәслихаттың кезекті XXXI сессиясының күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
- Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 237/27 “2025-2027 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- “Баянауыл ауданы халқының денсаулығын жақсарту, оның ішінде ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы”
- “Баянауыл ауданы бойынша ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары туралы (ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары, бруцеллез, сібір жарасы және мал қорымдары туралы)”
- “Қоғамдық тәртіпті сақтау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ауданның жергілікті полиция қызметінің 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы”
- “Баянауыл ауданы экономикасының нақты сектор бөліміне 2024-2025 жылдары жіберілген депутаттық сауалдар бойынша атқарылған жұмыстар туралы”
- “Баянауыл ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы” №112/21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- “Баянауыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 09 сәуірдегі “Құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның құрамын қайта бекіту туралы” №14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы”
- “Баянауыл аудандық жер комиссиясын қайта құру туралы”
Мәслихаттың кезекті XXXI сессиясының отырысында жоғарыда аталған мәселелер жан-жақты талқыланып, әрбір мәселе бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-bayanaul/press/news/details/960658?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау