2025 жылғы 20 наурызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті, оған Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Д.А.Уахитов, әкімшілік – аумақтық бірліктердің әкімдері, аудандық басқармалардың басшылары, партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/3-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының қала, кенттер және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М.Самойлова бюджет қаражатының бос қалдықтары бойынша қала, кенттер мен ауылдық округтер бюджетін нақтылау және аудандық бюджеттен трансферттер жіберу туралы хабардар етіп, сөз сөйледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырумен пленарлық отырыс түрінде өткізілді.
https://www.facebook.com/share/v/1A178rFLbQ/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/details/961289?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау