Аудан орталығында орналасқан А. Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектепте еңбек ардагері Әуезхан Қарауылұлының ерен еңбектерін ұлықтау мақсатында тағылымды шара ұйымдастырылды. Шара аясында Әуезхан Қарауылұлының есімімен аталған жаңа шахмат кабинеті ашылып, қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен толықтырылды.
Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ұстаздар қауымына деген шексіз құрметі мен алғысын білдірді. Жаңа дәрісхана болашақ шахматшылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, облыс, республика және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге жетуіне сенім білдірді.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев ізгі тілегін арнап, ауыл қариясы Мәми Дадабеков Әуезхан Қарауылұлының өмірлік тәжірибесі мен еңбек жолы жайлы сөз қозғап, қоғамға қосқан үлесін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/960790?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау