Әлемдік ойдың алыбы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында А.Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасымен бірлесе ұйымдастырылған «Әлемдік ойдың алыбы» атты онлайн кездесу кеші өткізілді.

Шараға Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрының актері, ҚР мәдениет саласының үздігі Бекзат Қайыркешұлы Омашев, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейінің экскурсоводы Мейрам Булаткеров, Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері, Саран қаласының Абай атындағы орта мектептің оқытушысы Гүлбаршын Уатхан, Ж.Ақбаев атындағы орта мектептің оқушылары және Шәкәрім атындағы университеті мен Көлік колледжінің студенттері қатысты.

Шараны аша отырып кітапхана қызметкері Абай – бүкіл әлем таныған дана ұстаз, ақын және адамзат кемеңгері екенін, Абайдың ұлылығы мен бірегейлігі ұлттық рухтың бекемдігін биікке көтеріп, өз халқының санасына жігерлілік пен мақсаткерлік қасиеттерін сіңіргенін атап өтті. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын мерекелеу – бұл тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі екендігі, ол халықтың тарихи санасын тереңдетуге және елдің рухани мәдениетін жаһандық форматта жан-жақты ілгерілетуге бағытталғаны айтылды.

Онлайн-кездесу жалғасында ақынның бейнесін дәл жеткізе отырып сомдаған Абай атындағы музыкалық-драма театрының актері Бекзат Омашев Қайыркешұлы көрермендер мен қатысушыларды үнемі өзін-өзі жетілдіруге, жан мен ақылдың белсенді болуына шақырып, ақынның өлеңін оқыды.

Экскурсовод Мейрам Булаткеров еліміздің рухани-мәдени орталығына айналған «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық музейі туралы кеңінен тоқталып, жылжымалы көрмеге шолу жасап өтті. Көрмеде өнер сүйер қауымды өзінің бірегейлігімен таң қалдырған экспонаттар ұсынылды, қатысушылар ұлы қазақ ақынының өмірі, шығармашылығы және қызығушылықтарымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесу Абай өлеңдерін сүйіп оқитын Абай оқуларының республикалық және облыстық конкурстардың жеңімпаздары, №37 гимназияның 11 сынып оқушысы Аружан Болатхан Мұратқызы, №31 мектептің 11 сынып оқушысы Еркежан Сағимоллаева, №22 мектеп-лицейінің 6 «А» сынып оқушысы Ердос Берікканов қатысып, Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып берді. Шәкәрім университетінің студенттері Темірлан Даулетханұлы Мырышпаев мен Санжар Ерсанатұлы ақынның қара сөзін жатқа оқып, өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланғандығы айтылды.

Тікелей эфир барысында Қарағанды қаласының көрермендері ұлы ақын туралы кітаптар, мерзімді басылымдар және басқа да материалдар ұсынылған кітап көрмесімен танысты.

Шара соңы қатысушылардың Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы екендігі, Абай Құнанбаев өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасап, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра беретіндігі туралы қорытынды сөздерімен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/960114?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version