Ағымдағы жылдың 20 наурызында ZOOM режимінде Қ.Р. Рахметқалиевтің төрағалығымен Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 20 наурызында ZOOM режимінде Қ.Р. Рахметқалиевтің төрағалығымен Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Депутаттар, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары әлеуметтік саласы бойынша, мемлекеттік мекемелердің басшылары, БАҚ қатысты.

Сессияда 2 мәселе қаралды. «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.В. Тимашова сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109 – баптарына сәйкес, аудандық бюджетті сапалы атқару мақсатында осы шешімнің жобасына бекітілген бюджетке өзгерістер енгізу қажет.

Екінші мәселе бойынша Меңдіқара аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Р. Рахметқалиев депутаттарға кадрлық өзгерістерге байланысты кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы дербес құрамына өзгерістер енгізілетінін таныстырды.

Сессия қорытындысы бойынша ұсынылған жобаларды депутаттар қолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/961434?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version