Ағымдағы жылдың 18 наурызы күні Айыртау аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымының кезекті XXIV сессиясы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Гүлмира Армияқызы Әбілқайырованың төрағалығымен Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаевтың қатысуымен өтті.
Сессияға құқық қорғау және аумақтық органдардың, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:
- Аудандық мәслихат төрағасының мәслихаттың 2024 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы “Айыртау ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы” № 8-22-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы “Антоновка, Арықбалық, Володар, Гусаковка, Елецкий, Имантау, Казанка, Қамсақты, Қаратал, Константиновка, Лобаново, Нижнебурлук, Сырымбет және Украин ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы” шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/airtau-maslihat/press/news/details/961135?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау