Алматы облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексеру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су тасқыны жағдайын мониторингтеу мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, су тасқыны қаупі бар учаскелерге комиссиялық тексеру жүргізді.

Тексеру барысында Еңбекшіқазақ ауданындағы алты су тасқыны қаупі бар учаскеде гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының жай-күйі тексерілді. Бұл аумақтарда 5600 адам тұрады және 630 тұрғын үй орналасқан. Сондай-ақ, осындай жұмыстар Ұйғыр ауданында да ұйымдастырылып, 500 адам тұратын және 120 тұрғын үй орналасқан екі су тасқыны қаупі бар учаске тексеруден өтті.

Тексеру қорытындысы бойынша гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының жай-күйіне бағалау жүргізілді. Бұл жұмыстар ықтимал қауіптердің алдын алуға және су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны жағдайын бақылауды жалғастыруда және гидрологиялық ахуалдың өзгеруіне жедел әрекет етіп, қажетті алдын алу шараларын қабылдауда.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/960749?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version