2025 жылдың 20 наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті, «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қоры мен «Miliston Transformations Foundation» қорының серіктестігімен антикоррупциялық комплаенс мектебі аясында оқыту ұйымдастырылды. Іс-шара мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдерін жинап, сыбайлас жемқорлықты алдын алу механизмдері туралы білімді арттыруға және мемлекеттік құрылымдарда тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді енгізу дағдыларын дамытуға бағытталды.
Мектеп бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімді тереңдетуге, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау механизмдерін түсіндіруге және мемлекеттік құрылымдарда сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді әдістерін енгізуге бағытталған. Қатысушылар алдын алу жүйелерін қалыптастырудың негізгі қағидаттарымен, тәуекелдерді анықтау және бақылау құралдарын енгізудің заманауи тәсілдерімен танысты.
Оқыту комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен өтті, бұл негізгі тақырыптарды жоғары кәсіби деңгейде қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, іс-шараға комплаенс қызметтерінің шамамен 100 өкілі қатысып, тәжірибелерімен алмасты.
«Бұл оқыту мамандардың біліктілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізу – жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп қана қоймай, мемлекеттік мекемелерге деген қоғам сенімін нығайтуға ықпал етеді», – деп ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов атап өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі аясындағы оқыту Алматы қаласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудағы маңызды қадам болды. Қатысушылар алған білім мен дағдыларын жемқорлықты алдын алу, тәуекелдерді азайту және мемлекеттік құрылымдардың жұмысындағы ашықтықты арттыру үшін тиімді енгізе алатын болады.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢ мен ТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/961954?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау