Астанада «Бақ берекем, құт мерекем – әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Өндіріс елді мекенінде орналасқан Қ.Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясында «Бақ берекем, құт мерекем – әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған мерекені «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Байқоңыр ауданының зейнеткерлері мектеп оқушыларымен бірлесіп ұйымдастырды. Наурыз мерекесі мектеп фойесінде орналасқан қолөнер бұйымдарының көрмесінен басталды, сондай-ақ мектеп бөлмесінде қазақи дастархан жайылды. Оқушы қыздар Наурыз мейрамы қарсаңында 50 көрпе тігіп, жиналғандардың назарына ұсынды.

Сонымен қатар, оқушылар арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс, қазақша күрес ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сый-сияпат жасалды.

Зейнеткерлердің орындауындағы «Тамаша», «Ана туралы жыр» әндері мен «Қамажай», «Қара жорға» билері көпшілік көңілінен шықты. Ақ жаулықты әжелер шашу шашса, аталар өскелең ұрпаққа ақжарма батасын берді.

«Өндіріс елді мекенінде Наурыз мейрамы ерекше аталып өтіп жатыр. Бүгінде біздің орталықта оқушыларға ұлттық салт-дәстүр мен қол өнер үйретуді әжелеріміз қолға алып келеді. Әрине, аға буын өкілдерінің ұрпақ тәрбиесіне араласуы қуантады. Сахнада оқушылармен қатар, зейнеткерлердің өнер көрсетуі мерекелік көңіл-күй сыйлады» – деп ойын түйіндеді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы директорының орынбасары Эльвира Шамшикенова.

Наурыз мерекесін тамалауша ұстаздар қауымы, оқушылар, ата-аналармен қатар «Замандас» отбасылық аула клубының өкілдері келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/960706?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version