Бала деген бір бақыт

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «BIG-SMILE TORBO» отбасылық ойын-сауық орталығында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған «Бала деген бір бақыт» атты іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер жасап, олардың дамуына қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда оларды қабылдау мен қолдау мәдениетін қалыптастыру. Бұл шара арқылы балалардың өздерін толыққанды қоғам мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасалып, олардың құқықтары мен мүмкіндіктері кеңінен насихатталды. «Бала деген бір бақыт» іс-шарасы ерекше күтімді қажет ететін балалардың өмірін жақсартуға, олардың қоғамдағы орнын нығайтуға бағытталды. Шара аясында балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Іс-шара соңында балалар Наурыз мейрамының дәстүрлі асы – Наурыз көжеден дәм татты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/961340?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version