Батыс Қазақстан облысы – индустриалды-аграрлық өңір. Өнеркәсіп мұнай-газ өндіру, мұнай өнімдерін қайта өңдеу, машина жасау, металлургия, қорғаныс, тау-кен өндірісі және басқа да салалармен ұсынылған.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша өңірде 72 мыңнан астам бизнес субъектісі тіркелген.
2024 жылға арналған салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 99,5%-ға орындалды.
Өз сөзінде Тұрысов Әсет министрліктің негізгі қызмет бағыттарын, өткен жылғы жұмыс нәтижелерін және 2025 жылдың 2 айындағы көрсеткіштерді баяндады.
Назарда мемлекет тарапынан халық пен бизнесті қолдау шаралары болды. «ИСНА», «e-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» цифрландыру жобалары қысқаша таныстырылды.
Сөзінің соңында вице-министр QR-кодты қолдану, көлік салығын есептеу, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі және басқа да өзекті мәселелер бойынша халықтың сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/961233?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау