Страсбург, 2025 жылғы 17-19 наурыз – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 99-шы пленарлық отырысында Қазақстанның үшінші бағалау раундының есебі қабылданды.
Есепте Қазақстан заңнамасына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын қылмыстық жауапкершілікке тарту және саяси партияларды қаржыландыру салаларында талдау жасалған. ГРЕКО сарапшылары Қазақстанның аталған мәселелер бойынша еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бірқатар ұсыныстар әзірледі.
Есепті талқылау барысында ГРЕКО сарапшылары Қазақстан басшылығы жүзеге асырып жатқан және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы күреске бағытталған кең ауқымды реформаларды атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, саяси партияларды қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету және жалпы Қазақстандағы партиялық жүйені жетілдіру саласындағы заңнамалық бастамаларға оң баға берілді.
Өз кезегінде, Қазақстан делегациясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұ.Сарқұловтың басшылығымен, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы толық ақпарат пен түсініктемелер ұсынды. Қазақстан тарапының ұстанымы есепті қабылдау кезінде толық ескерілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/960943?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау