2025 жылдың 6-7 наурызы күндері Өскемен қаласында креативті индустрияларды дамыту аясында Халықаралық әйелдер күніне және Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі өтті.
Фестивальге Қазақстан Республикасының 8 облысынан және республикалық маңызы бар 2 қаладан 27 адам қатысты. Қолөнершілер қолданатын станоктармен, иіру құралдарымен және ежелгі материалдармен өткен фестиваль дәстүрлі тоқымашылармен танысу үшін бірегей платформа болды. Көрермендердің назарына бірегей кілемдер, киізден жасалған бұйымдар, гобелендер және сәндік-қолданбалы өнердің басқа да үлгілері ұсынылды.
Жұмыстарды халық өнері саласындағы жетекші сарапшылар бағалады. Фестиваль жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Фестиваль жеңімпаздары:
1 орын – Анапияева Гульнар Жусуповна (Қызылорда облысы)
2 орын – Кожамжарова Гульнар Даутовна (Шығыс Қазақстан облысы)
3 орын – Сарсембаева Гулзира Беляловна (Алматы қаласы)
Номинациялар:
«Тәлімгерлік» – Дауленова Улбосын Бактыгалиевна (Алматы қаласы)
«Жас шебер» – Исмаилова Дилинур Исмаиловна (Шығыс Қазақстан облысы)
«Дәстүрлілік» – Капқызы Тамара (Алматы қаласы)
«Кәсіпкәрлік» – Айгожина Гульмира Мухамет-Кызыровна (Абай облысы)
«Жоғары шеберлік» – Ахмуханова Мария Рахымовна (Атырау облысы)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/960387?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау