Комитеттің “Қазақтелеком” АҚ өкілдерімен талшықты-оптикалық байланыс желісін салу мәселелері бойынша кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті 2025 жылы 19 наурызда Ақтаудан Бакуге дейінгі учаскеде “Каспий теңізінің түбімен ТОБЖ салу” жобасының операторы болып табылатын “Қазақтелеком” АҚ ұлттық байланыс операторымен, сондай-ақ Жобаны іске асыруға қатысатын мердігер EPC өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Талқылауға Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында «Қазақтелеком» АҚ және EPC-мердігер Каспий теңізінің түбінде талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) дайындау және салу кезеңдерін ұсынды. Құрлықта да, теңіз акваториясында да жұмыстар жүргізу үшін қажетті рұқсат құжаттарын алу мәселелеріне, сондай-ақ экологиялық талаптарды сақтау жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

Комитет өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту үшін оның маңыздылығын атап өтіп, жобаға қолдау білдірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарына сәйкес жобалық құжаттаманы қарауға дайын екендігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/961388?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version