Өскеменде су тасқынына дайындалған техниканың байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су тасқыны қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде, сондай-ақ облыста су тасқынынан өтудің бірінші кезеңінің басталуына байланысты Өскеменде су басу қаупі туындаған кезде уақтылы жою үшін тартылатын азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарына байқау өткізілді.

Байқауды облыс орталығының әкімі Алмат Ақышов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Фархат Әміре өткізді. Олар құтқару құралдарының болуы мен жағдайын, техниканың авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайындығын тексерді. Құрылымдардың басшылары су тасқыны қаупі жағдайындағы міндеттер мен іс-қимылдарға дайындық туралы баяндады.

Байқауға жоғары өтімді техника, жүзу құралдары, техника мен ҚР ТЖМ – 68303 жж-2-батальонының жеке құрамы жұмылдырылды.

Барлығы ТЖБ жеке құрамның 50 адамы және техникасының 75 бірлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан 70 адам жұмылдырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/961066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version