Қонаев қаласы әкімдігінде ҚР ӘРПК нормаларын сақтау бойынша кеңес өтті
2025 жылдың 19 наурызында Қонаев қаласы әкімдігінде Алматы облысы әкімі аппараты азаматтардың өтініштерін қарау және бақылау бөлімі басшысы Зухра Махсұтқызы Токбаеваның төрағалығымен кеңес өтті. Іс-шараға қала әкімі аппаратының басшысы М.Ф.Тұрсын, барлық мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдік бөлімдерінің жауапты мамандары, квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты.
Кеңестің басты тақырыбы – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ҚР ӘРПК) нормаларын сақтай отырып, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу мәселелері болды. Осыған байланысты өтініштерді кейінге қалдыру, ауызша өтініштерді қарау, тыңдалымдар өткізу және өтініштерді тіркеу сапасы сияқты негізгі мәселелер жан-жақты талқыланды.
Кеңес барысында өтініштердің ең көп саны түсетін келесі мекемелердің жұмысына ерекше назар аударылды: сәулет және құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, сондай-ақ Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты. Барлық органдардың өкілдеріне өтініштерді дұрыс қайта бағыттау және басқа да маңызды аспектілер бойынша түсініктемелер берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар берілді, оның ішінде:
- өтініштерге уақытылы және сапалы жауап беруді қамтамасыз ету;
- өтініштерді қарау мерзімін бұзу жағдайларын болдырмау;
- өтініштерді тіркеу және өңдеу үдерісін қатаң бақылауға алу;
- бөлімдер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, проблемалық мәселелерді жедел шешу.
Кеңес азаматтардың өтініштерін қарау тиімділігін арттыру және әкімдік қызметіне үздік тәжірибелерді еңгізу бойынша зор үлес берді. ҚР ӘРПК нормаларын сақтау барлық жауапты мемлекеттік органдар үшін басты міндет болып қала береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/961249?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау