Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Астана қаласы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Түркістан қаласы санитариялық-карантиндік бақылау мамандары «Түркістан халықаралық әуежайының шекара бекетінің» қызметкерлері арасында «Сары безгек: клиникалық көрінісі және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында сарапшылар сары безгектің клиникалық көріністерін, оның емдеу әдістерін, сондай-ақ вакцинация және басқа алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар инфекцияның таралуын болдырмау үшін әуежайда жүргізілетін санитариялық тексерулер мен бақылау шараларының тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
Іс-шараға қатысушылар арасында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, әуежай қызметкерлері тәжірибе алмасып, инфекциялардың алдын алу шаралары туралы жаңа білімдермен бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/961829?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау