Семейде бокстан ашық облыстық турнир өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында Абай облысының жаттықтырушыларын еске алуға арналған 2007-2008 және 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан ашық облыстық турнир өтуде.

Жас былғары қолғап шеберлерінің басын қосқан бұл жарыс – болашақ чемпиондардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды спорттық іс-шара.

Жарыстың ашылу салтанатына қала әкімі қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қазақ боксы – әлемдік ареналарда талай жеңісті күндерді сыйлаған спорт. Бүгінгі додада да болашақ чемпиондар шығатынына сеніміміз мол», – деді қала әкімі.

Бұл дода болашақ чемпиондардың жолын ашып, жас боксшылардың жаңа белестерге ұмтылуына серпін беретіні сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/960985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version