Іс-шараның мақсаты -жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаттарын түсіндіру.
Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Ж. Хамитов оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін жағымсыз салдары, құқықтық бұзушылықтар және адалдықтың маңыздылығы туралы айтып берді. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы аясында заң мен тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, оқушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары түсіндірілді.
Іс-шара аясында қатысушылар жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен әлеуметтік жобаларға белсенді қатысу мүмкіндіктерін, сондай-ақ олардың санасы мен жауапкершілігін арттыру жолдарын талқылады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/960804?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау