Ұлытау облысындағы «Анинское» шахтасында азаматтық қорғаныс айлығы аясында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазахмыс» корпорациясының «Анинское» шахтасында төтенше жағдайды жою және зардап шеккендерді құтқару бойынша оқу-жаттығу өтті. Жаттығу жоспарына сәйкес, орташа деңгейдегі жер сілкінісінің салдарынан шахтада тау жыныстары құлап, әкімшілік-тұрмыстық корпустың оң жақ қанаты бүлініп, өрт шықты.

Диспетчер шұғыл қызметтерге хабар беріп, дабыл жүйесі іске қосылып, персоналды эвакуациялау ұйымдастырылды. Құтқару қызметтері келген соң, шахтада 3 кенші мен ғимарат қирандысының астында 2 адамның қалғаны анықталды.

«Сериктес» апаттық-құтқару қызметі шахтерлерді аман-есен жер бетіне шығарды. Азаматтық қорғау қызметтері зардап шеккендерді эвакуациялап, қирандылар мен өрт ошақтарын жойып, медициналық және психологиялық көмек көрсетті.

Қосымша №1 мектеп-гимназия базасында зардап шеккендерді қабылдау пункті ашылып, оқушыларға арналған өрт-құтқару техникасының көрмесі ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығуға барлығы 189 адам қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-ulytau/press/news/details/961740?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version