«Заң мен тәртіп» нарративі аясында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде «Әділеттілік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – студенттерге әділеттілік пен жауапкершілік қандай іс-әрекеттерде көрінетіні туралы түсіндіру. Олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Студенттерді адалдыққа, қамқорлыққа, шынайылыққа тәрбиелеу.
Іс-шараға Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 4 курс студенттері және оқытушылар қатысты.
Шара барысында жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң мазмұны талқыланып, мысалдар келтірілді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу жолдары туралы айтылды.
Кездесу соңы пікіралмасумен жалғасып, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
Егер, сізге, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 номеріне хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/959891?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау