Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалымен бірлесіп 50-ден астам комплаенс-офицерлерге арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және мемлекеттік сатып алуды мониторингілеудің заманауи әдістері саласындағы білім деңгейін арттыруға бағытталды.
Семинардың ашылуына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшының орынбасары Базанов Саят қатысып, комплаенс-офицерлер жұмысының тиімділігін арттыру және өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Комплаенс-басқару саласында халықаралық стандарттарды енгізуге ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысындағы филиалының директоры Абжаков Асет «Цифрлық платформаны пайдалану арқылы ISO 37001 енгізу» тақырыбында дәріс оқып, мемлекеттік мекемелердегі ашықтық пен есептілікті күшейту үшін заманауи технологиялар мен цифрлық комплаенс-басқаруды пайдалануды егжей-тегжейлі қарастырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері комплаенс-офицерлерге процестерді тиімді бақылау және ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жолдарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу бойынша оқыту сабақтарын өткізді.
Негізгі блоктан кейін сұрақ-жауап сессиясы өтті, оның барысында қатысушылар өз пікірлерімен және ұсыныстарымен белсенді түрде бөлісті, туындайтын қиындықтарды талқылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынды.
«Заң және тәртіп» қағидатын сақтау тек қағаз жүзінде ғана емес, нақты тәжірибеде, яғни біздің қызметіміздің әрбір саласында болуы керек екенін есте ұстаған жөн», – деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері атап өтті.
Семинар мамандардың біліктілігін арттырудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайтуға және облыстағы мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсартуға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-abai/press/news/details/960720?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау