«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің республикалық байқауының облыстық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2025 жылғы 18-19 наурыз күндері «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқауға аудандық/қалалық кезеңнен өткен еңбек өтілі 0-3 жыл аралығындағы 12 жас ұстаздар қатысты.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша:

І орын – Серікова Ботагөз Серікқызы, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ ағылшын тілі мұғалімі;

ІІ орын –  Рамазанова Назлы Ержанқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ химия пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Ошай Бәйтолла, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І.Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені»  КММ география пәні мұғалімі.

Ағымдағы жылдың 14-18 сәуір аралығында облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауда Шығыс Қазақстан облысының  намысын қорғайды.

Жас мамандарға сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/961559?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version