Жақында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Төрағасы Ерболат Кожиков «Қазахтелеком»АҚ және «Caspinet B.V.» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында “Каспий теңізінің түбіндегі талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салу жөніндегі халықаралық жоба талқыланды.

2019 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан-Әзірбайжан бағыты бойынша Каспий теңізінің түбінде ТОБЖ-ны бірлесіп салуға, иеленуге және пайдалануға жәрдемдесу туралы келісім жасалды. Жоба операторлары болып “Қазақтелеком” АҚ (Қазақстан) және “Azertelecom Int” ЖШҚ (Әзірбайжан) тағайындалды, олар “Caspinet B. V.” бірлескен кәсіпорнын құрды.

Жоба Ақтау мен Сумгаит ауданы арасындағы ұзындығы 380 км суасты ТОБЖ жобалау мен салуды көздейді. Бұл Каспий теңізіндегі суасты оптикалық кабелінің тарихтағы алғашқы жобасы, ол Орталық Азиядағы аса маңызды халықаралық коммуникациялық инфрақұрылым және Азия мен Еуропа арасындағы негізгі байланыс желісі болады.

Кездесу барысында Е. С. Қожықов жобаны іске асыру кезеңдерімен және экологиялық рұқсат алу және қоршаған ортаға әсерді бағалау үдерісімен танысты. Оларға рұқсат беру құжаттарын жобалау немесе алу сатысында сұрақтар туындаған жағдайда Экологиялық реттеу және бақылау комитеті өз құзыреті шегінде қажетті консультациялық қолдау көрсетуге дайын екендігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/961293?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version