Наурызнаманың Ұлттық спорт күніне орай Жетісу облысының аудан-қалаларында жалпы саны 176 спорттық шара өтті. Мәселен, Талдықорған қаласында классикалық шахматтан 2025 жылғы Қазақстан Балалар кубогы – Төлеуғазы Кәріпбаев мемориалының І кезеңі басталды, жарыс 26 наурызға дейін жалғасады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Үстел теннисі орталығының ғимаратында өтіп жатқан турнирге Қазақстанның 20 облысынан, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан 300 жас шахматшы қатысуда. Жалпы жүлде қоры – 3 млн. теңге. Шараны Қазақстан Шахмат федерациясы және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.
Турнирге қатысушы жас шахматшы Диас Аманбек:
– Өткен жылы да осы кубокқа қатысып, жақсы нәтижелерге жеттім. Биыл да жарысқа тыңғылықты дайындалдым, бар күш-жігерімді саламын. Шахмат ойынында тактика мен стратегия маңызды. Ол жеңіске жол ашады, – деді ол.
Мәселен, Талдықорғандағы ипподромда ат спортының төрт түрінен – «көкпар», «аударыспақ», «теңге ілу», «жамбы ату» бойынша облыстық жарыстар ұйымдастырылды. Онда Жетісу облысының аудан-қалаларының құрама командалары және жекелеген спортшылар бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық көкпар жарысында Кербұлақ ауданы І, Ақсу ауданы ІІ, Сарқан ауданы ІІІ орындарға ие болды.
Сол сияқты «аударыспақ» сайысынан, «теңге ілу» біріншілігінен, «жамбы ату» жарысынан жүлдегерлер анықталды.
Жалпы Наурыз мейрамы аясында спорттық жарыстар бүгін өңірдің барлық аудандары мен қалаларында өтті. Мысалы, Ақсу ауданында Мәселен, Ақсу ауданында балалар мен жастар тоғызқұмалақтан, асық атудан бақ сынасса, Қаратал ауданында гір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күрес, бес тас т.б. ойындардан тұрғындар өзара жарысқа түсті.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді түсірген: Жұмабай Мұсабеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/961899?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау