Абай облысында көктемнің жаршысы – Наурыз мейрамы биыл ерекше мазмұн мен кең ауқымда ұйымдастырылды. Облыс орталығында өткен мерекелік шараларға мыңдаған тұрғындар мен қонақтар жиналып, ұлттық мейрамның шаттықты сәттерін бірге бөлісті.
Салтанатты шарада Абай облысының әкімі Берік Уәли жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, бұл мейрамның ел бірлігі мен рухани жаңғырудағы маңызды рөлін атап өтті.
Мереке аясында аймақ басшысы мен облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков мерекелік алаңдағы этноауылды аралап, қазақтың ұлы тұлғаларына арналған арнайы киіз үйлермен танысты. Биылғы мереке аясында «Нұрғиса Тілендиев», «Бауыржан Момышұлы», «Шәкәрім Құдайбердіұлы» және тағы да көптеген тұлғалардың мерейтойы тақырыбында жасақталған киіз үйлерде тарихи тұлғаларға арналған көрмелер, шағын мұражайлар мен мәдени экспозициялар ұсынылды.
Наурыздың ажарын ашқан ұлттық ойындар, театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламалар көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Балалар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұсынылды. Жалпы саны 50-ден астам киіз үй тігілген этноауылда қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі кеңінен насихатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/962988?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау