Грек-рим күресінен ауыр салмақтағы (130 кг) отандасымыз Әлімхан Сыздықов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Отандасымыз финалда ирандық бозкілем шебері Фардин Шабан Хедайатимен шеберлік байқасып, есе жіберді. Есеп: 0-7.
Еске сала кетейік, Әлімхан осыған дейін 2021 жылы Алматыдағы Азия чемпионатында күміс алса, 2022 жылы Ұлан-Батырда чемпион атанған. Сондай-ақ ол 2023 жылы Астанада 3-орыннан көрінген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/962519?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау