Ақтау көшелерінен 350 м³ жаңбыр суы алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда мына мекен-жайларда су алу жұмыстары жүргізілуде:

– 17 ш/а “Грин Плаза” ТҮК маңы;

– 34 ш/а Қан орталығы маңы;

– 30 ш/а “Олжа” СО маңы;

– 30-32 ш/а қиылысы;

– 32 Б-31 Б ш/а аралығы;

– 16 ш/а “Инара” ТҮК маңы;

– 17 ш/а “Халық арена” СК маңы;

– 31 ш/а “Мағаш” базарының аумағы;

– 31 ш/а “Хазар базар” маңы;

– 12 ш/а 59 үй маңындағы автомобиль жолы;

– 31 А-32 А ш/а қиылысындағы авто жол.

Бұл жұмыстарға 13 қызметкер, 12 су сорғыш мотопомпа және арнайы 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 350 м³ жаңбыр суы алынды. 

Аталған жұмыстар қала аумағында тәулік бойы жалғасады.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/962830?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version