«Армысың,Әз-Наурыз»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еңбекші ауылдық округі мәдениет үйінің алдында «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Наурыз тойы ауылымыздың ақсақалы Марат атамыздың ақ батасымен, әжелеріміздің шашуымен ашылды. Округ әкімі Қ.С.Сағымбеков тұрғындарды және келген қонақтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.Әз Наурызға арналған әсем әуен мен күміс күй төгіліп, жұртшылықтың мерейін көтерді. Әз Наурызға арналған спорттық ойындар ойнатылды. «Күш атасын танымас» дегендей қол күрестіру, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қазақша күрес сонымен қатар волейболдан жарыстар өтті. Жарыс жеңімпаздарын ауылымыздың шаруа қожалықтарының демеушілігімен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Наурыз тойымыздың жалғасы ауыл әжелерінің, мекеме ұжымдарының наурыз көжесімен, арнайы жайылған ақ дастарханымен жалғасын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-enbekshi/press/news/details/963025?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version