Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған тегін ағылшын және түрік тілдері курсы өтеді.
Ағылшын тілі – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері төмендегі реттілік бойынша өткізіледі:
- «Beginner» – 15:00-16:30;
- «Elementary» – 16:30-18:00;
- «Pre Intermediate» – 18:00-19:30.
Түрік тілі – сейсенбі, бейсенді мен сенбі күндері:
- А1 деңгейі – 15:00-16:30;
- А2 деңгейі – 16:30-18:00.
Курстар 26 наурыз күні басталып, әр деңгей 3 ай оқытылады.
Аталмыш курстар жастардың жаңа тілдерді меңгеруіне қолайлы жағдай жасап, тілдік дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылуда.
Мекен жайы: Нұрсая ы/а, Р.Ғабдиева 42
Тіркелу үшiн: +7(701) 165-85-25
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/963548?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау