АУДАНДЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Нұра ауданының полиция бөлімінің және ауданның полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің 2024 жылғы Нұра ауданының аумағында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмысының қорытындылары туралы;
  2. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша және олардың құқықтарын қорғауға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
  3. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралар туралы;
  4. Құқық тәртібін, жол қауіпсіздігін және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысында замануи құралдардың қолданылуы, сондай-ақ елді мекендерді заманауи бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырудың жай-күйі туралы.

Отырысқа аудандық полиция бөлімінің, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ауданның полиция, білім бөлімдері мен ауыл әкімдерінің есептері тыңдалып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес және заманауи технологияларды қолдану мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Талқылау барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді.

Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру және тиімді шараларды қолдануды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/963028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version