Есет батыр тұрғын алабында Наурыз мейрамы айырықша көңіл-күйде тойланды. Өңір басшысы Асхат Шахаров тұрғын алаптың мыңнан аса тұрғынымен бірге Ұлыстың ұлы күнін қарсы алды. Наурыз – бірлік пен жаңарудың, жақсылық пен ырыстың мерекесі.
Мерекелік шара аясында ұлттық ойындар ойнатылып, ән мен күйден шашу шашылды. Облыс әкімі киіз үйлерді аралап, қолөнер шеберлерінің бұйымдарын тамашалап, жергілікті кәсіпкерлер ұсынған өнімдермен танысты.
Наурыз тойында дәстүрлі салт-жоралғылар көрсетіліп, ақсақалдар бата берді. Көпшілікке Наурыз көже ұсынылды. Өнерпаздар концерттік бағдарламамен халықты қуантты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/962223?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау