Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына бірге бардық. Сумен (таза сумен) қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді. Бейнебақылау жүйесін жаңғырту бойынша бұрын енгізілген ұсынымдар бойынша 16 бейнекамера орнатуға өтінімдер жолданды. Камералардағы жарықтандыруды арттыру қажет.
Коммуналдық-тұрмыстық ұстау жағдайлары, қызметкерлер тарапынан іс-қимыл бойынша әкімшілік ұсталғандармен әңгіме жүргізілді.
УҰИ басшылығымен коммуналдық – тұрмыстық ұстау шарттары, жеткізілген адамдарға қатысты қызметкерлер тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмау талқыладық.
Естеріңізге сала кетейік, ҰАТ БҰҰ-ның халықаралық шарттарына сәйкес құрылған азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын емдеу мен жазалау түрлерінің алдын алу жүйесін құрады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/962849?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау