Кішкентай эридиттердің қалалық олимпиадасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2025 жылғы 19 наурызда Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің базасында мектепке дейінгі балалар мекемелерінің дайындық топтарының балаларына арналған «Жауқазын» облыстық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты-зияткерлік қабілеті бар дарынды және талантты ересек мектеп жасына дейінгі балаларды анықтау және қолдау. 72 мектепке дейінгі ұйымдардың 142 тәрбиеленушісі және қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 5 мектепалды тобы, сыныптары қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 73 мектепке дейінгі балалар жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын – 4, II орын – 36, III орын – 33. Қатысушылар суреттермен 9 логикалық тапсырмаларды орындады. Әртүрлі фигуралармен, көкөністермен, жануарлармен, ертегі кейіпкерлерімен. Сондай-ақ, үлкен шарларға ұзын сызық, кішкентай шарларға қысқа сызық салу сияқты тапсырмалар болды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының I, II, III дәрежелі білім беру дипломдарымен марапатталады. Қалған қатысушылардың жетістіктері «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» номинацияларымен марапатталды.

І, ІІ орын алған қатысушылар сәуір айында олимпиаданың облыстық турына қатысады. Бұл № 2, 3, 4, 8, 9, 12, 18, 19, 20, 24, 25, 27, 29, 33, 37, 43, 46, 47, 48, 51, 53, 79, 82, 85, 96, 102, 111, 120, 122 балабақша, «Детвора» жекеменшік мектебінің мектепалды тобының тәрбиеленушілері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/963017?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version